Пайдаланылмайтын көлік иелеріне салық рақымшылығы жасала ма

Almaty.tv
Almaty.tv
Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат Жұлдыз Сүлейменова көлік салығына қатысты проблемаға тоқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде пайдаланылмайтын көлік иелеріне салық рақымшылығын жасау ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат Жұлдыз Сүлейменова көлік салығына қатысты проблемаға тоқталды. Ол e-salyq Azamat қосымшасы арқылы 10 мыңнан аса жеке тұлға көлік салығын түзетуге өтінім бергенін айтты. Ол өтінімдердің негізгі дені – салықтың дұрыс емес сомаларын көрсету, салық салу нысандары жоқ адамдарға берешектері жөнінде талап қою және басқа да сұрақтарды қамтыған.

«Осы ретте болған ақаулар туралы сұрағанымызда қос министрлік дербес негізде ешқандай қателік жоқ екенін айтады. Мысалы, Ішкі істер министрлігі өз тарапынан барлық дерек уақытылы әрі дұрыс енгізілген деп көрсетеді. Ал Қаржы министрлігі өз есептеулерінде қателіктер жоқ екенін алға тартуда. Осы екі ведомство бір-біріне сілтеуі нәтижесінде, көлік салығы проблемасы әлі де орынды шешілмей отырғанын атап өткіміз келеді. Сондықтан «жіберілген қателіктердің басты себебі неде» деген сұраққа жауап берулеріңізді сұраймын», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова.

Өз кезегінде министр Ерұлан Жамаубаев Ішкі істер министрлігімен бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, жалпы салық төлеушілердің қатысуынсыз 1 миллионға жуық ақпаратты толығымен өзектендірген.  

«Бұл тұрғыда көп қателіктерге жол берілген. «Е-Salyq-Azamat» қосымшасының мүмкіндігімен қандай қосымша проблемалар бар екенін біліп отырмыз. Әрине, бұл жердегі негізгі мәселеге тоқталсақ, азаматтар көлікті бір-біріне сенімхат арқылы сатып жібереді де, өз атынан шығармайды. Сонымен қатар, ұрланған автокөліктер бар. Халықтың бір бөлігі басқа мемлекеттерге қоныс аударып, сенімхатпен көлігін сатып кетеді. Осындай проблемалар бар және оларды мойындаймыз», – деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Новости партнеров