Елімізде жанар-жағармай тапшылығының басты себебі қандай

news.myseldon.com
news.myseldon.com
Мағзұм Мырзағалиев дизель бағасының реттелмейтінін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде орын алған дизель тапшылығының басты себебін атады. Министрдің сөзінше, жанар-жағармай бағасы реттелмейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мағзұм Мырзағалиевтің өтуінше, алдағы уақытта мұндай проблеманы болдырмас үшін еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытының жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстарының мерзімдерін нақтылау және регламенттеу көзделеді. Екіншіден, елімізде мемлекеттік материалдық қор қалыптастыру, үшіншіден, жанар-жағармайды бақылау қолға алынады.  

«Осы жанар-жағармай бағасын талқылау кезінде екі мәселені есте ұстауымыз керек. Біріншісі – әлемдік бренд бағасына тәуелділік. Екіншісі – көршілес елдерде қалыптасқан бағадан қатты айырмашылық болмауы тиіс. Биыл елімізде дизель отынының тапшылығы болды. Оның басты себебі, көрші елдермен салыстырған баға айырмасының өте жоғары болуы. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүйелі өзгерістер әзірлеп жатырмыз», – деді ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар Энергетика министрі бүгінде ішкі нарықты қамтамасыз етуге жететін дизель қоры бар дейді. Ахуалды тұрақтандыру үшін шамамен 146 мың тонна дизель импортталған. Бұдан бөлек, Ресеймен Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға қатысты келіссөздер басталғанын жеткізді.

Новости партнеров