Алматыда қоғамдық көлікпен жүру ақысы қымбаттай ма

Almaty.tv
Almaty.tv
Жыл соңына дейін газбен жүретін 600 қоғамдық көлік сатып алынбақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қоғамдық көлікпен жүру ақысы қымбаттайды. Баға 80 теңгеден 100 теңгеге көтеріледі. Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Тоқтасынұлы мәслихат депутаттарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал қолма-қол төлем жасайтын жолаушылар енді жол жүру құнына 150 теңге емес, 200 теңге береді.  Мамандар мұндай өзгерісті жанар-жағармай мен дизель отынының және автобөлшектер бағасының қымбаттағанымен түсіндірді. Бұл сондай-ақ жерасты жолымен жүретін пойыздарға да қатысты болмақ. Жауаптылардың айтуынша, өзгеріс шамамен қыркүйектен бастап енгізілмек.

– 2012 жылдан бері  80 теңгелік тарифпен отырмыз. Тарифті 20 теңгеге көтергеннен барлық мәселе шешілмейді. Бұл жерде автобустарды тиімді пайдалану, олардың сапасы, субсидияның көлемі сияқты мәселе бар. Өз тарапымыздан 4 ұсыныс тастадық, – деді мәслихат депутаты Жалынбек Жайнарбай.

Сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттарымен отырыс кезінде қоғамдық көліктерге қатысты өзге де мәселелер көтерілді. Автобекеттердің жаңа көліктермен толығуы және олардың жүру жиілігіне қатысты сұрақтар қойылды. Басқарма мамандарының айтуынша, жыл соңына дейін газбен жүретін 600 қоғамдық көлік сатып алынбақ. Бұл қала экологиясының жақсаруына оң әсер етпек.

– Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша 2 мыңнан жоғары қоғамдық көлік қамтамасыз етеді. Оның ішінде троллейбусымыз бар. Экологиялық таза 600 автобус сатып алу жоспарда бар. Оның 100-і қазір Алматыға келді. Құжаттарын рәсімдеп жатыр. Жыл соңына дейін 100 троллейбус сатып алуды жоспарлап отырмыз, – деді Мобилділік басқармасының бөлім басшысы Азамат Ешанқұл.   

Оқи отырыңыз: Алматыда өрт кезінде көз жұмған келіншектің отбасына көмек көрсетіледі

Новости партнеров