|
16.07.2020 | 15:50
7032

Қазақстанда кейбір пойыздың уақытша тоқтатылу мерзімі ұзартылды

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша білуге болады

Қазақстанда кейбір пойыздың уақытша тоқтатылу мерзімі ұзартылды ©Rail-news.kz

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында кейбір жолаушылар пойызын уақытша тоқтату мерзімі ұзартылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келесі бағыттағы пойыздар жүрмейтіні хабарланды:  

№ 31/32 "Алматы-2 – Павлодар" пойызы Алматыдан жөнелтілуі 2020ж. шілденің 19, 21, 22, 23, 25, 27, 28, 29, 31 және 2 тамызда, Павлодардан келу/кету 2020 ж. шілденің 20, 22, 23, 24, 26, 28, 29, 30 және 1, 3 тамызда, Алматыға келу 2020 ж. шілденің 21, 23, 24, 25, 27, 29, 30 және 2, 4 тамызда 10 рейске;

№ 258/257 "Нұр-Сұлтан-1 – Достық" пойызы Нұр-Сұлтаннан жөнелтілуі 2020ж. шілденің 19, 26 және 2 тамызда, Достықтан келу/кету 2020ж. шілденің 20, 27 және 3 тамызда, Нұр-Сұлтанға келуі 2020 ж. шілденің 21, 28 және 4 тамызда 3 рейске;

№ 3/4 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Алматы-2" пойызы Нұр-Сұлтаннан жөнелтілуі 2020ж. шілденің 19, 21, 23, 25, 27, 29, 31 және 2 тамызда, Алматыдан келу/кету 2020ж. шілденің 20, 22, 24, 26, 28, 30 және 1, 3 тамызда, Нұр-Сұлтанға келу 2020ж. шілденің 21, 23, 25, 27, 29, 31 және 2, 4 тамызда 8 рейске;

№ 68/67 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Өскемен-1" пойызы Нұр-Сұлтаннан жөнелтілуі 2020ж. шілденің 20, 22, 24, 26, 28, 30 және 1 тамызда, Өскеменнен келу/кету 2020ж. шілденің 21, 23, 25, 27, 29, 31 және 2 тамызда, Нұр-Сұлтанға келу 2020ж. шілденің 22, 24, 26, 28, 30 және 1, 3 тамызда 7 рейске.

Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты толық көлемде ала алады.

Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша білуге болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир