|
31.01.2019 | 17:24
4620

«Алматы - Қапшағай» тас жолы ашылды

Посыпка дорожного полотна специальными противогололедными средствами практически завершена

«Алматы - Қапшағай» тас жолы ашылды Zakon.kz

Бүгін таңертең ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы – Қапшағай тас жолы жабылып қалған болатын. Кешке қарай автожол бойындағы қозғалыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Арнайы жол қызметтері тиісті шаралар қабылдап, аталған жол учаскесіндегі қозғалысты біртіндеп қалпына келтірді», – деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Бүгіннің өзінде Алматы облысында жылтыр мұзға айналған күре жолда ондаған көлік қақтығысты. Қауіпті азайту мақсатында сақшылар амалсыз тас жолға тосқауыл қоюға мәжбүр болған. Жолаушылар әлеуметтік желілерге жүктеген видеолардан жол тазалауға шыққан арнайы техникалардың өздері апатқа себепкер болып жатқаны анық көрінеді.

Ал Алматыда жауған жауынның арты көктайғаққа ұласып, жол бойындағы жаяу жүргінші жолымен жүру қиынға айналды. Осыған орай, Төтенше жағдайға байланысты қалалық коммуналдық қызметтер тəулік бойы кезекшілік ұйымдастырады. Ал синоптиктер нөсерлі жаңбырдан соң Алматыда – 19 градус аяз күтіп тұр дейді.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир