|
18.08.2023 | 16:52
2214

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы мегаполис әуежайында такси тарифтерін ұсынды

Әуежай аумағында такси бағалары көрсетілген тиісті стендтер ілінді

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы мегаполис әуежайында такси тарифтерін ұсынды gov.kz

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының жанындағы Туризм кеңесі қала әуежайындағы такси қызметтерінің құнына талдау жүргізді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде палата төрағасының міндетін атқарушы Нариман Ибрагимов жосықсыз такси жүргізушілер мәселесі реттелгенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салалық комитетпен тарифтер ұсынылып, әуежай аумағында такси бағалары көрсетілген тиісті стендтер ілінді.

"Туристік маусым басында, екі апта ішінде жұмыс тобы таксиге тапсырыс беру қызметтерін ұсынатын AparuTaxi, Region, Yandex Taxi, Uber, Blue Sky Energy және т.б. құнын талдап, сапардың орташа бағасы есептелді. Жолаушыларды тасымалдау тарифтері бастапқы және баратын пунктке дейін қашықтыққа әрі такси санатына байланысты 1200-ден 12000 теңгеге дейін өзгереді. Ең жоғары құны әуежай терминалынан Шымбұлақ тау шаңғысы курортына дейінгі таксидің премиум-сегментінде көрсетіледі", - деп бөлісті ол.

Айтып өту керек, Алматы қаласының туризм жөніндегі кеңесі құрамына Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының, Авиациялық көлік прокуратурасының, Алматы қаласы туризм басқармасының, Алматы қаласы халықаралық әуежайының, Түрксіб ауданы ІІБ ЖПҚ, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің, Алматы қаласы ІІД-нің, Қазақстандық туристік қауымдастықтың, Алматы қалалық ТЖК өңірлік палатасының өкілдері енді.

Өңірлік палата жанында туризм, креативті индустриялар, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және логистика, құрылыс салалары бойынша 6 салалық комитеті жұмыс істейтінін атап өткен жөн.

Спикер хабарлағандай, салалық комитеттер бизнес-қоғамдастықпен, мемлекеттік билік органдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында, сондай-ақ бизнес субъектілерінің қызметін дамыту, және мәселелелерін шешу үшін құрылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир