Алматы қаласы Ммслихатының кезектен тыс VII сессиясында депутат, қоғам қайраткері, эколог Тимур Елеусізов "автобустар зираты" мәселесін көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Біз ұзақ жылдар бойы әкімдікті жолаушы тасымалын субсидиялауын қолдап келдік, себебі оның бәрі шығын. Бірақ қазір әлеуметтік желіде 600 автобус пен 100 троллейбус тұрған "автобус зираты" мәселесі көтеріліп жатыр. 600 автобус не үшін жұмыс істемейді, неге олардың бөлшегі сатып алынып ары қарай қолданысқа енбей жатыр?" - деді Тимур Елеусізов.
Оған қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев жауап берді. Оның айтуынша, бұл тұрақта 823 автобус бар, оның 651 сенім басқаруы негізінде "Green Bus" ЖШС жұмыс істеген.
- Бұл автобустар 2010-2013 жылдары шығарылған. Қазір олардың тозығы жеткендіктен, жөндеу мүмкін емес. Ал қалған 157 автобусты Алматы облысының балансына бердік. Жалпы саны 15 болатын 18 метрлік ЛиАЗ автобустары сақтауда тұр. Қазір олардың бөлшектері сатып алынуда және биыл бұл 15 автобусты жөндеуді жоспарлап отырмыз.
Оқи отырыңыз: Алматыда қоғамдық көлікте жол жүруге арналған жаңа тарифтер бекітілді