Әл-Фараби даңғылы бойынша қашан 80 шақырым жылдамдықпен жүруге болатыны белгісіз

Almaty.tv
Almaty.tv
Айналма жолдарға барлық бейнекамералар қайта орнатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Діттеген жерге тез жетеміз. Әл-Фараби даңғылы және Шығыс айналма жолымен жиі жүретін көлік жүргізушілері қайтарылған жылдамдыққа қуанып жүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Апта басында Бақытжан Сағынтаев Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолындағы жол қозғалысын сағатына 80 шақырым жылдамдыққа қайтарылатынын мәлімдеген болатын. Ол өз сөзін жүргізушілердің пікірін ескергенін айтып, жол қауіпсіздік ережесін басты назарға ұстаумен байланыстырды. Осыдан кейін дайындық жұмыстары басталып кетті. Осыған байланысты бүгін біз алматылық жүргізушілердің пікірін, көзқарасын біліп көрген едік, олай болса тыңдап көрелік.

«Проблема болған жоқ.  Тек сағатына 80 шақырым болғанда трафик тезірек болады», – дейді бір тұрғын.

«80 болғаны жақсы ғой. Барар жеріңе жылдам жетесің, жұмыстарыңды да тез бітіресің. 60 деген бағдаршамы бар көшелерде болғаны дұрыс қой. Әйтпесе, айналма жол болғаннан кейін 80-100 жасау керек. Өйткені шетелде қарасаңыздар 100-120-дан жүріп жатыр ғой», – дейді келесі бірі.

Қазір өздеріңіз көріп тұрғандай, қалалық мобидьділік басқармасы 80 деген белгі қойылған сызықтарды сызып бастаған. Одан кейін жол полициясы басқармасының жұмысы басталады. Яғни әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолындағы қойылған барлық бейнекамералар қайта орнатылады. Дегенмен ол уақытқа дейін жүргізушілердің құлағына алтын сырға, яғни 80 шақырым жылдамдықпен жүру толық уақыты белгісіз. Сол себепті ережені бұзбаған жөн.

Азамат Әуезхан, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров