Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп келеді және жаңа оқу жылына дейін аяқталады. Қазіргі уақытта Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейінгі жолдың оңтүстік жағында жөндеу жұмыстары аяқталды – қозғалыс ашық. Солтүстік бетінде Достық даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін жол жөнделіп, көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сейфуллин даңғылынан Есентай өзенінің үстінен өтетін көпірге дейін жөнделеді.
Жөндеу жұмыстары кезінде ол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткізу қабілеттілігін арттыру үшін келесі шара қолданылады:
Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін патрульдік полицяның 6 экипажы қамтаамсыз етеді. Жылдамдықты 40км\сағ шектеу туралы белгілері қойылып, жолақтар конусты фишкалармен белгіленеді. Реверсивті қозғалыс алдында екі жақтан көлік ағындарын бөліп тұратын металл турникеттер қойылады.
Қозғалыс қауіпсіздігін патрульдік полицияның қызметкерлері қамтамасыз етеді. Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, сонымен қатар, 2ГИС қосымшасында қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы магистральдық көшелерге жол төсемін төсеуде алғаш рет жаңа технологияларды қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер қолданылады. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсару температурасы жоғары (65-70°C), ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. Қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жыл пайдалануға болады.
Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.
Маршруттардың уақытша схемасы:
Барлығы: 5 маршруттың схемасы өзгертілді.
Күні: 2023 жылғы 27 шілде сағат 23:00-ден 29 шілде сағат 06:00-ге дейін.
Оқи отырыңыз: Алматыда оқу жылында 100 жаңа автобус жолға шығады