|
09.08.2023 | 19:23
5607

Жолақы көтерілген соң, халыққа қызмет ету сапасы жақсаруы тиіс - депутат

Қалалық мәслихат депутаттары бекіткен тариф күзге дейін күшіне енеді

Жолақы көтерілген соң, халыққа қызмет ету сапасы жақсаруы тиіс - депутат Иллюстративное фото

Алматы тұрғындары енді қоғамдық көлікте жүру үшін 80 теңге төлемейді. Жаңа тарифті бүгін қалалық мәслихат депутаттары бекітті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өзгеріске сәйкес, алматылықтардың 97 пайызы үшін өсім 20 теңге болған. Сондай-ақ қайта қаралған мәселеде автобуста тегін қатынап, белгілі бір жеңілдікке ие болғандардың да санаты бар.

Дизель отынының құны 11 жыл бұрын 90 теңге болған. Қазір 295 теңге. Бұл аралықта газ бағасы да 33 теңгеден 108-ге көтеріліп үлгерді. Бірақ қоғамдық көліктердің тарифі өзгермеген. 2012 жылдан бері жаңа автобус алынды, маршруттар жаңарды, қосалқы бөлшектер қажет болды. Әрі жүргізушілердің айлығы көтерілуі қажет еді. Бірақ жолақы өспеген соң, мұның бәрін қамту қиынға соқты.

– Жол ақысы көтерілген соң, халыққа қызмет ету сапасы жақсаруы тиіс. Автобустардың керекті жабдықтармен жабдықталуын жүзеге асыру қажет. Осы тұрғыдан алғанда алдын ала келісім болды, қадағалайтын боламыз, – деді қалалық мәслихат депутаты Жалынбек Жайнарбай.

«Құн өсті деп құр айқай салуға негіз жоқ». Осылай деген депутаттар алда 600 жаңа автобус алу міндеті тұр. Бұзылған қоғамдық көліктер тағы бар. Қосалқы бөлшек керек. Қорыта айтқанда қолма-қол төлем 150 емес, 200 теңге болады. Ал Оңай картасы барлар 80 теңгенің орнына 100 теңге төлейді. Оқушылар мен зейнеткерлердің жолақысы - 50 теңге. Демек, өсім 20 теңгеге шығады. Бұл тұста мәселені талқыға салған депутаттардың айтуынша, тарифті есептеудің арнайы методикасына сүйенсек, баға бұдан да қымбат болуы мүмкін еді.

– Өзіндік құны 420-дан 450 теңгеге дейін болған. Ал метроның құны – 1050 теңге. Оның өзінде қоғамдық көлікті 4 есеге арзан қойып отырмыз. Аз ғана көтерілген тариф қаламызға 1 жылға 10 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Басқа әлеуметтік салаға, білімге, денсаулық саласына сол ақшаны жұмсауға мүмкіншілік туады, – деді қалалық мәслихат депутаты Нұрымбек Тау.

Көпшілік үшін нақтылай кетейік, қоғамдық көлікте тегін жүру тарифі өзгерген жоқ. Бұрынғыдай белгілі бір санатқа жататындар қызметті тегін пайдаланады. Сондай-ақ 50 пайыздық жеңілдікке ие болатындардың да тізімі өзгерген жоқ. Ал бүгінгі ақжағалылар алқасында бірауыздан қолдау тапқан бұл шешім күзге дейін күшіне енеді.

Мадина Оқас, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Алматыда қоғамдық көлікте жол жүруге арналған жаңа тариф бекітілді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир