Автотұрақ талап еткен жүргізушілердің мәселесі қашан шешіледі

Almaty.tv
Almaty.tv
Саяхат маңындағы көлік жүргізушілері өздеріне арнайы аумақ бөлуді сұрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Саяхат маңындағы көлік жүргізушілері өздеріне арнайы аумақ бөлуді сұрайды. Оған полиция қызметкерлерінің күн сайын кемі ондаған айыппұл тіркейтіні түрткі болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол ережесін бұзып, рұқсат етілмеген жерге көлігін қойып кететіндер апат қаупін туғызып, кептеліс жасайды. Келетін айыппұлдың көбіне осы себеп. Ал жол бойынан жолаушы отырғызатынымыз – қолайлы орынның жоқтығынан дейді көлік иелері.

«Бізге арнайы бір аумақты бөліп берсе жақсы болар еді. Себебі жол тар. Көлік қоятын жер жоқ. Көлік апаты болған жағдайда тіпті қиын», – деді жүргізуші Ержан Ахметов.

Айта кетейік, Алматыдан облысқа шығатын, әрі кептелістен көз ашпайтын осындай 3 аумақ бар. Қазір аталған мәселенің қандай да бір шешімін табу үшін жүргізушілер құқық қорғаушының көмегіне жүгінген. Ал полиция қызметкерлері заңның бәріне ортақ екенін алға тартады.

«Заң талаптарын барлық азамат ортақ орындауы тиіс. Өйткені, бұған тікелей байланысты бірнеше фактор бар. Жол-патрульдік полициясы рейд ұйымдастырып, заңды бұзған көлік жүргізушілерін жауапқа тартады. Оларға арнайы хаттама толтырылады», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Новости партнеров