|
14.06.2022 | 20:28
2702

Северодонецктің орталығы Ресей әскерінің бақылауына өтті

АҚШ пен Еуропадан жеткізілген қару-жарақ қоймалары жойылды

Северодонецктің орталығы Ресей әскерінің бақылауына өтті YouTube

Украинадағы қақтығыс шиеленісіп барады. Қазір елдің шығыс аймағындағы Северодонецктің орталығы Ресей әскерінің бақылауына өтті. Мұны Украинаның қарулы күштері растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бірақ Луганск облысының билігі бұл ауданның кейбір бөлігін әлі де украиналық сарбаздар қорғап жатқанын мәлімдеді. Алайда қалаға шығатын көпір түгел қирап қалған. Сондықтан жергілікті тұрғындарды эвакуациялау және гуманитарлық көмек жеткізу мүмкін емес. Ал Ресейдің қорғаныс министрлігі шабуылды Донецк аумағында күшейтіп, теміржол бекетіне соққы жасағанын хабарлады. Жойылған нысандар қатарында АҚШ пен Еуропадан жеткізілген қару-жарақ қоймалары бар.

«Удачное» теміржол стансасы аумағына жоғары дәлдіктегі әуе зымырандары жіберіліп, көптеген қару-жарақ пен әскери техникалар жойылды. Одан бөлек Федоровка ауданындағы шетелдік жалдамалылардың уақытша орналасу пункті мен Прогресс, Волчеяровка аудандарына да соққы жасалды», – деді РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков.

Орын алған соңғы жағдайдан кейін Украина Президенті халқына үндеу жасады. Өз сөзінде Владимир Зеленский қазір елдің оңтүстік аймағында Ресей әскерінің шабуылы тоқтағанын алға тартты. Ал қарсыластарының бақылауына өткен қалаларды азат етіп, қоршауда қалып қойған тұрғындардың әскери іс-қимыл туралы ресми ақпаратты білуі үшін қолдан келетінін барлық амалды жасайтынын жеткізді.

«Бізде қарсыластарымызбен күресіп, жерімізді сақтап қалудан басқа амал жоқ. Еліміздің барлық облысын басқыншылардан азат етуіміз керек. Қазір майдан шебі 2500 шақырымды қамтиды. Әрине, өзіміздің Қырымды да босатуға күш саламыз», – деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир