|
17.11.2021 | 15:37
613

Коронавирус вакцинасы «дельта» штамына қарсы антидене көлемін ұлғайтады – дәрігерлер

Егер пациент вакциналаудың толық курсынан өткен соң ковид жұқтырып жазылса, онда вакцинаның үшінші мөлшерін алмай-ақ қоюына болады

Коронавирус вакцинасы «дельта» штамына қарсы антидене көлемін ұлғайтады – дәрігерлер Almaty.tv

Коронавирусқа қарсы вакцина адам ағзасындағы табиғи иммунитетті төмендетпейді. Керісінше, «дельта» штамына қарсы антиденелердің көлемін ұлғайтады. Толыққанды зерттеулерден кейін отандық инфекционистер осындай мәлімдеме жасады. Сондықтан мамандар халықты қайта егу науқанына белсенді қатысуға шақыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Ал ревакциналау елімізде 5 күннен кейін басталады. Сол кезде жергілікті емхана дәрігерлері күшейткіш дозаны алу уақыты жеткендерге қоңырау шалу арқылы немесе СМС-хабарлама жіберу арқылы егуге шақырады. Егер пациент вакциналаудың толық курсынан өткеннен кейін ковид жұқтырып жазылса, онда вакцинаның үшінші мөлшерін алмай-ақ қоюға болады екен.  

«Антиген дегеніміз – инфекцияның патогені. Ал адам ағзасы күнделікті жүз мыңдаған инфекцияға қарсы тұрады. Ауадағы түрлі вирус мұрынға, тамақ жегенде қаншама бактерия ауыз қуысына, асқазанға түседі. Бірақ біз бірден ауырып қалмаймыз ғой. Себебі антиденелеріміз бірден оларға қарсы жұмыс істейді. Ал вакцина тек иммунитетті күшейтеді», – деді С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир