|
26.05.2021 | 22:05
985

Вакцинация мәселесін дінге қарсы қоюға болмайды – Аида Балаева

Вирусты жеңу үшін екпе алған маңызды

Вакцинация мәселесін дінге қарсы қоюға болмайды – Аида Балаева Фото: iStock

Вакцинацияны дінге қарсы қоюға болмайды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдындағы есептік кездесуінде екпе мәселесін діни аспектіде қарамау керектігін айтты. Ең бастысы вакцина – қазіргі қиын жағдайдан шығуға мүмкіндік беретін жалғыз жол екенін атап өтті. 

«Әрине, бұл жерде ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу маңызды. Бұл тұрғыда Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жақсы көмектесіп отыр. Тікелей эфирге шығып, жеке үлгілері арқылы вакциналаудың артықшылықтарын насихаттап жүр. Сондықтан, бөлінуге болмайды. Вирусты жеңу үшін екпе алғанымыз маңызды», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Бұдан бөлек, Қазақстанда өткен жылы интернеттегі 73 мың деструктивті материал бұғатталғаны белгілі болды. Ал, «Жусан» операциясымен елге жеткізілген әйелдердің 95 пайызы радикалды діни сенімінен толық бас тартқан. Бұл орайда, еліміздің барлық өңірінде «Ақниет» оңалту орталығының филиалдары жұмыс жүргізіп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир