Отбасындағы зорлық-зомбылық: республика бойынша 130 мыңнан аса арыз түскен

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Кәсіпкерлерге қатысты 55 қылмыстық іс тоқтатылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл кәсіпкерлерге қатысты 55 қылмыстық іс тоқтатылған. Оған себеп – аталған жағдайларда тергеудің заңсыз жүргізілуі. Бүгін жұмысты қорытындылаған прокуратура өкілдері алматылық фронт-кеңсеге күн сайын 100-ге тарта азаматтың өтініш қалдыратынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал қадағалаушы мекеме тарапына 35 мыңнан аса талап-тілек жолданған. Оның 12 мыңы қанағаттандырылып, қалғаны жауапты органдарға жөнелтілген.

– Прокуратура өз құқығын қорғай алмайтындардың өтінішін қарастырады. Бұл қатарда кәмелет жасына толмағандар, қандай да бір шектеуі барлар мен бизнес субъектілері тұр. Соңғы аталғандардың ісіне көп жағдайда мемлекеттік мекемелер араласып жатады. Барлығы назарда ұстаймыз, – деді Алматы қаласы прокурорының бас көмекшісі Алтай Әлмембетов.

Прокуратура Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл 30 миллиард теңгелік жобасы бар 8 инвестордың құқығын қорғаған. Аталған саладағы басты бағдар әуелі азаматтардың өтінішіне, кейіннен инвесторларға бағытталады. Құқық қорғау органдарының жұмысын қадағалау да назардан тыс қалмайды. 

Айта кетейік, жылдық қорытынды жасаған прокурорлар келіп түсетін арыздың басым көпшілігі – отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты дейді.

– Биыл республика бойынша отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 130 мыңнан аса арыз түсіпті. Заң қатаңдатылды. Өз білгенін істейтіндерге тоқтау бар. Ал бір қылмысты қайталайтындардың жағдайы тіпті қиын болмақ. Қоғам осыны ескерсе дейміз, – деді Түрксіб ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Жаңыл Жұмабаева.

Оқи отырыңыз: Әшімбаев: Әлеуметтік кодекс – Сенат қабылдаған маңызды құжаттың бірі

Новости партнеров