|
27.10.2017 | 15:58
1001

Алматы тұрғыны адам өлтіріп, мәйіттің үстіне ұйықтап қалған

Алматы тұрғыны адам өлтіріп, мәйіттің үстіне ұйықтап қалған

Алматы тұрғыны адам өлтіріп, мәйіттің үстіне ұйықтап қалған. Түнгі үштер шамасында полицияға Қалқаман ықшам ауданының тұрғыны хабарласып, көршілерінің қатты шулап жатқанын айтыпты. Тәртіп сақшылары оқиға орнына келгенде, жерде жатқан өлі адамды тапқан. Сондай-ақ, араққа сылқия тойған 3 ер адамды ұстапты.

Үй иесінің сөзінше, қайтыс болған ер азамат, осыдан бірнеше күн бұрын баратын жерінің жоғын айтып келіпті. Ол оған өзінің моншасына тұруға рұқсат берген. Ертеңіне үй иесі 2 досымен арақ ішеді. Оған пана іздеп келген азаматта қосылыпты. Кейін ол не болғаны есімде жоқ деді. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир