|
18.12.2020 | 10:07
4284

Б. Сағынтаев ІТ-кәсіпкерліктің инфрақұрылымын құру жөнінде айтты

Қалада IT-жобаларды қолдау мен оны дамыту бойынша орталықтар құрылуда

Б. Сағынтаев ІТ-кәсіпкерліктің инфрақұрылымын құру жөнінде айтты пресс-служба акима Алматы

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы аккаунтында IT-жобаларды қолдау және дамыту орталықтарының дамуы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалада IT-жобаларды қолдау мен оны дамыту бойынша орталықтар құрылуда.

«Бұған дейін айтқанымдай, жақында соның алғашқысы Alatau Creativе Hub-та ашылады. IT-зертхананың аумағы 1,7 мың шаршы метрге жетеді», — деп жазды қала әкімі Б. Сағынтаев.

Бизнес те инфрақұрылымды құруға атсалыспақ.

«Технодом көпсалалы орталығы базасындағы коворкинг-орталығының мүмкіндіктерімен таныстым. Жаңа бастаған IT кәсіпкерлер, фрилансерлер мен шағын командаларға опен-спейс кеңсесінде орын беріледі», — деп атап өтті Алматы әкімі.

Орынға төленетін баға да қолжетімді. Сағатына, күніне немесе ай сайын төлеуге болады. Бөлмеде 200-ге жуық адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік бар.

«Қаланың әр ауданында ашылатын мұндай орындар IT-индустрия инфрақұрылымының тармақталған желісін құруға мүмкіндік береді. Уақыт өте келе бұлар жаңа технологиялық компаниялардың пайда болуына септігін тигізері сөзсіз», — деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Бұрын хабарланғандай, Алатау ауданында Alatau Creative HUB ашылды, оның екінші қабатында жақын арада IT-зертханасы ашылады.

Мұндай орталықтар қаланың барлық аудандарында құрылатын болады. Келер жылы Алмалы ауданында жеке инвесторлар коворкинг және Academie One бағдарламалау мектебі мен FIFTY FOUR ('54) бизнес-кеңістігі үшін арнайы үй-жай дайындауда. Бостандық ауданында «ТехноДом» көпсалалы орталығының базасында IT-стартаптарға арналған коворкинг-орталық ашылады.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир