|
06.10.2021 | 19:29
3524

М. Сүлейменов І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев осы жоғарғы марапатты салтанатты түрде табыс етті

М. Сүлейменов І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды пресс-служба Департамента юстиции г. Алматы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 668 Жарлығына сәйкес ғылыми және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев осы жоғарғы марапатты Майдан Күнтуарұлына салтанатты түрде табыс етті.

Ведомство басшысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атынан және жеке өз атынан Майдан Күнтуарұлын 80-жылдығымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және шығармашылық ұзақ ғұмыр тіледі!

Майдан Сүлейменов 80-нен астам заңдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Азаматтық кодексін әзірлеуге тікелей қатысқан қазақстандық, азаматтық және халықаралық жеке құқық мектебін құрушылардың бірі. Бүгінгі таңда ол Каспий университетінің жеке құқық ғылыми-зерттеу институтын басқарады, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Халықаралық кеңестің мүшесі, Қазақстандық Халықаралық Төреліктің сот төрағасы, сондай-ақ басқа да кәсіби қоғамдарға қатысады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир