|
09.06.2021 | 19:13
1454

Б. Сағынтаев: Алматы – өңірдегі ең ірі IT орталығы

Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы кезекті тікелей эфир барысында «Алматы – 2050» Стратегиясын цифрландыру бағыттарын дамыту жөнінде айтты

Б. Сағынтаев: Алматы – өңірдегі ең ірі IT орталығы кадр видео

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы кезекті тікелей эфир барысында «Алматы – 2050» Стратегиясын цифрландыру бағыттарын дамыту жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің айтуынша, мегаполисті тиімді басқару цифрландыру тетіктерінсіз мүмкін емес. Алматыда 2 миллионға жуық адам тұрады, ал Алматы агломерациясы шекарасында – 3 миллион. Қалада ШОБ 287 мың кәсіпорны бар. Көлік инфрақұрылымына 3 мың шақырымнан астам жол кіреді. Күн сайын қалада 675 мыңға жуық көлік жүреді. 165 мың жарық бағаналары орнатылды.

Қалада денсаулық сақтаудың көпдеңгейлі жүйесі бар. Жыл сайын қаланың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарына 11,5 млн адам келеді.

Қала елдің ірі білім орталығы саналады, мұнда білім беру мекемелерінің дамыған желісі бар. Қала мектептерінде 288 мың оқушы оқиды.

Алматы – өңірдегі инновациялық технологиялардың орталығы, мұнда елдегі барлық студенттердің 40%-ы оқиды, қалада үздік ЖОО-ның 30%-дан астамы, 2622 IT-компания (ҚР 40% -ы) орналасқан, электронды сауда көлемі 551 млрд теңгеге жетуде. Еліміздің әрбір екінші инновациялық технология маманы Алматыда тұрады және қалалықтардың 95%-ы онлайн-сервистерді пайдаланады.

«Біз қазірдің өзінде өңірдегі жетекші қалалардың біріне айналдық, дегенмен қаланың әлемдік картада негізі көшбасшылық позицияны ұстануы үшін бізде барлық жағдай жасалған», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Smart city немесе «Ақылды қала» бастамасы аясында қалалық ресурстар мен қызметтерді басқаруды жетілдіру бойынша жұмыс жүруде. Оның үстіне, қаланың негізгі активтері азаматтар, процестер мен технологиялар болып табылады. Бірінші кезекте зияткерлік модернизациялауды қажет ететін салалар – мемлекеттік басқару, қаланың инфрақұрылымы, әлеуметтік орта және экономика.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир