|
28.08.2020 | 10:41
2423

ДДҰ: Пандемия миллиондаған адамның психикасына кері әсер етіп жатыр

Ұйым жетекшісі атап өткендей, пандемия кезінде адамдарда қорқыныш сезімдері күшейіп, психикалық денсаулығы бұзылды

ДДҰ: Пандемия миллиондаған адамның психикасына кері әсер етіп жатыр открытые источники

Коронавирустық пандемия ғаламшардағы миллиондаған адамның психикалық денсаулығына кері әсерін тигізді. Мұндай мәлімдемені Женевада өткен брифингте ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебресиес жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Ұйым жетекшісі атап өткендей, пандемия кезінде адамдарда қорқыныш сезімдері күшейіп, психикалық денсаулығы бұзылды. Бұған көптеген елдерде шектеу шараларын енгізу және соған байланысты адамдар арасындағы өзара әрекеттесудің болмауы ықпал еткен.

Гебрейесус атап өткендей, миллиардқа жуық адам психикалық ауытқулардан зардап шегеді. Дегенмен сапалы медициналық көмек халықтың өте аз бөлігі үшін ғана қол жетімді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир