|
11.04.2020 | 18:05
4695

Алматыда коронавирустан емделген 9 адам ауруханадан шықты

Олардың бәрі 14 күндік үй карантинінде болады

Алматыда коронавирустан емделген 9 адам ауруханадан шықты открытые источники

Алматыда бүгін коронавирус инфекциясынан толық сауыққан 9 пациент стационардан шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бүгінде ауруынан жазылғандардың бесеуі - әйел, біреуі - ер адам болса, қалғаны - кәмелет жасына толмаған 16 жастағы 2 жасөспірім мен 17 жастағы қыз екенін айта кету керек.

«Оның төртеуі 27 наурызда Санкт-Петербордан, екеуі 24 наурызда Дубайдан және Мәскеуден, біреуі 20 наурызда Ыстамбул – Тбилиси – Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген және екеуі инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған», - деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Науқастар ауруханада 16-18 күн емделген. Олардың барлығы 14 күндік үй карантиніне шығарылды.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Қазақстанда 81 адам, оның ішінде Алматыда 37 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир