|
06.11.2021 | 14:47
4357

Аягөзде командир сарбаздардың атына несие рәсімдеген

Ол несиені мобильдік телефон арқылы онлайн микроқаржылық ұйымдардан алған болып шықты

Аягөзде командир сарбаздардың атына несие рәсімдеген  pixabay.com

Семей гарнизоны әскери сотында Аягөздегі бөлімнің рота командиріне қатысты сот үкімі шықты. Ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv 

ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының мәліметі бойынша, айыпталушы ұзақ уақыт бойы өз лауазымын асыра пайдаланып, сарбаздардың атына несие алып келген.

"Тергеу барысында анықталғандай, рота командирі Kaspi bank мобильді қосымшасы және шағын несие ұйымдары арқылы әскерге шақырылғандарға екі миллион теңгеден астам сомаға алты несие ресімдеткен. Бұдан бөлек, ол 17 сарбаздың банк карталарын тартып алып, бірнеше рет жалақыларын иемденген. Офицер сол ақшаның барлығын букмекерлік кеңседе бәс тігіп, ұтылып отырған", – делінген хабарламада.

Нәтижесінде Семей гарнизоны әскери сотының үкімімен айыпталушы үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Дереккөзі: Orda.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир