|
24.02.2022 | 21:27
5583

Қаңтарда басына оқ тиіп көз жұмған баланың анасы: Көз алдымда өлді

5 қаңтарда анасымен дүкенге шыққан Сұлтан жол ортасында оққа ұшып, мерт болған

Қаңтарда басына оқ тиіп көз жұмған баланың анасы: Көз алдымда өлді

Қаралы қаңтарда 12 жастағы баланың басына оқ тиіп көз жұмды. Қайғыдан қан жұтқан ананың зарын Almaty.tv тілшісі тыңдап қайтқан еді.  

5 қаңтарда Сұлтан кешкі уақытта анасымен дүкенге шыққан. Жол ортасында оққа ұшып, мерт болған. Анасының айтуынша, оқ ұлының басына тиген.

«Көз алдымда өлді. Атыс болып жатқанын көргенде, «Жүр, кеттік» деп едім, балам сол жерде құлады. Шалынып кеткен шығар деп ойладым. Бір кезде басынан қан кетті. Сол кезде басына оқ тиіп өліп жатқанын түсіндім», - деп күйзеле еске алады С. Қылышбектің анасы Гаухар Кәрімбекова.

Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан Сұлтанның соңғы бейнежазбасы. Анасы 12 жастағы баласын «белсенді оқушы, футбол десе ішкен асын жерге қоятын, бауырларына қамқор бала еді» дейді. Сұлтан – үйдің ортаншы ұлы, оның 1 ағасы мен 2 іні-қарындасы бар. Бәрі де кәмелет жасына толмағандар.

«Ең кіші ұлым 4-те. Көп нәрсені біле бермейді ғой. Кейде сұрап қалады. «Сұлтан қашан келеді?» дейді. Ең қиыны, қызымы ауыр тиді. Себебі екеуі бір-біріне қатты жақын еді. Қызым әлі де сенбейді. «Мама, Сұлтан қазір оянса, анау жақтан қалай шығады?» деп сұрақ қояды. Қызыма және үлкен ұлыма қатты ауыр», - деп көзіне жас алады Гаухар Кәрімбекова.


Оразай Нұртай, Мұрат Тайжан, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир