|
26.11.2021 | 19:46
3680

Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

№20 бағдарлы автобустың жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы бағыттағы жүру жолағына шығып кеткен

Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар Видеодан кадр

Бүгін Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысты. Көлік компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты сағат 11.00 шамасында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

№20 бағдарлы автобустың жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жүру жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан №39 бағдарлы автобуспен қақтығысқан. 60 және 67 жастағы екі жолаушы әйел дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліпті.

Жүргізушілерді автопарк басшылығы жұмыстан шеттетіп, іс тәртіптік кеңеске жіберілетіні айтылды.  

«Оқиға орнына келген полиция қызметкері №20 автобус жүргізушісіне қатысты хаттама толтырды. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін анықтау бөліміне жіберілді. Жол қозғалысы ережелері бойынша бұзушылықтар тізілімінде жоқ. №1 автобус паркте 3 жыл жұмыс істейді. Жолаушылар көлігіндегі еңбек өтілі – 5 жыл», – деді «CTS» ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі қызметінің жетекшісі Науат Азанбаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир