Атырауда Алтын Орданың 750 жылдығына орай халықаралық жиын басталды

Алтайдан Дунайға дейін кең байтақ мекенде өмір сүрген Алтын Орда өркениетін дәріптейтін шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған

Атырауда Алтын Орданың 750 жылдығына орай халықаралық жиын басталды http://qazaq1913.com/

Атырауда «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми коференция басталды. Алтын Орданың 750 жылдығына арналған айтулы шара облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық драма театрында тарихи қойылыммен бастау алып, тамыры терең тұтас елдің қалануы жеті хан жерленген Сарайшық қалашығында жалғасын тапты. Алтайдан Дунайға дейін кең байтақ мекенде өмір сүрген Алтын Орда өркениетін дәріптейтін шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ел тарихындағы сан түрлі сауалға ғалымдар жауап іздеп көрді. Келер жылы да қазақ елінің тарихын кеңінен танытуға бағытталған ауқымды жұмыстар ұйымдастырылмақ.    

«Жошыдан Кеңесарыға дейінгі қазақ хандары туралы, Алтын Орданың рухани және материалдық мәдениеті, қалалары мен сауда саясаты жайлы деректі фильмді шығару мәселесі бойынша пысықтау, алтынордалық эпостар желісіне балаларға арналған шығуын қамтамасыз ету, Алтын Орда тақырыбы бойынша ашылған тың деректерді ескере отырып, жоғарғы оқу орындарындағы тарих пәні бағдарламасының мазмұнын өзектендіру сияқты жұмыстарды атқару жоспарымызда бар», – деді ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев.            

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир