Әкемтеатр егемендіктің алғашқы жылдарында 11 спектальді сахналады – Дулыға Ақмолда

«Алматы» телеарнасы ел егемендігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік мен үшін» челленджін бастады

Әкемтеатр егемендіктің алғашқы жылдарында 11 спектальді сахналады – Дулыға Ақмолда Almaty.tv

«Алматы» телеарнасы жариялаған «Тәуелсіздік мен үшін» атты челленжінде әр азамат егемендіктің мәніне тоқталып, өз естеліктерін көгілдір экран арқылы айтуға мүмкіндік алды. Мәселен, қала тұрғындары театр мәдениетінің дамуына тоқталып, өз ойын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында бірден 2 қойылымның премьерасы өтпек. Өнердің қара шаңырағы болған Әкемтеатр егемендіктің алғашқы жылдарында 11 спектальді сахналап, қоғамның мәдени дамуына зор үлес қосты.

«Біздің театрымызға ұлттық статус берілді. Оның бәрі бекер емес деп ойлаймын, өз басым. Әрине, әр нәрсенің өзіндік бастауы болады. Бүкіл өнер ұжымы біздің театрымыздан бастауы алады. Қара шаңырақ деп аталған себебі де сол. Әлі күнге дейін «Қара шаңырақ», «Әкемтеатр» дейді», – дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда.

Әкемтеатр келесі жылы да өнерді бағалаған жанды жаңалықтарымен қуанта бермек. Мысалы, Бернард Шоудың «Пигмалион» комедиясы мен Мұхтар Әуезовтің «Ақан-Зайра» драмасы 2022 жылы сахналанады. Өнерге бей-жай қарамайтын Алматы шаһарының тұрғындары да театрдың қоғам алдындағы маңызына тоқталып, өз ойын ортаға салды.

«Еркіндік алғалы қазақ театрларының дамып жатқаны көрінеді», «Қазір шүкір, театр да, концерт те, барлығы қазақ тілінде жүреді», десті тұрғындар.

Бүгінде бізде театр көп және өзекті тақырыптарды қозғай алады. Оның жас буын үшін рухани жағынан пайдасы көп.

Айта кетсек, Тәуелсіздікке қатысты естелігін айтқысы келетін жандар арнамызға хабарласып, кезекті бейнематериалдың кейіпкері бола алады. Ол үшін «Тәуелсіздік мен үшін» және «Тәуелсіздік бесігі» тақырыбында видео түсіріп, экранда көрсетілген нөмірге жолдауыңызға болады.

Оразай Нұртай, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир