|
04.02.2021 | 12:34
501

Алматыда ардагерлер пленумы өтті

Пленумды қалалық ардагерлер Кеңесі Төралқасының төрағасы Ақан Бижанов жүргізіп, күн тәртібіне қойылған екі мәселені ұсынды

Алматыда ардагерлер пленумы өтті

2021 жылғы 3 ақпанда Алматы қалалық ардагерлері Кеңесінің санитарлық талаптарға сай онлайн режимінде пленумы болып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Пленумды қалалық ардагерлер Кеңесі Төралқасының төрағасы Ақан Бижанов жүргізіп, күн тәртібіне қойылған екі мәселені ұсынды.

Олар – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралардың орындалу қорытындылары және қалалық ардагерлер кеңесінің 2021 жылға жоспарлаған негізгі іс-шараларды жүзеге асыру міндеттері туралы. Осыған орай қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы А. Бижанов баяндама жасады.    

Осыдан кейін күн тәртібіндегі мәселеге орай жасалған баяндама талқыланды. Кеңес төрағасының баяндамасынан кейін Бостандық, Жетісу, Наурызбай аудандары ардагерлер Кеңесінің төрағалары Х.Б.Біржанов, Т.М. Шакирова, М.Т. Каркенов, қалалық жастарды патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу ісі жөніндегі  қоғамдық комиссияның төрағасы В.М. Айғараева, әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ профессоры Л.С. Ахметова, әскери-интернациолаистер үйлестіру  Кеңесінің төрағасы М.М. Әбдішүкіров мырзалар сөз алып, ой-пікр, ұсыныстарын білдірді.

Қалалық ардагерлер Кеңесі Президиумының отырысында талқыланған  Қаулы жобасына орай ұсыныстар мен ескертпелер бойынша қаулы қабылданып, тиісті  шешім шығарылды.

Bólisý


Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!