|
28.08.2018 | 16:05
1507

Қазақстанда екі-ақ дәретхана әлемдік стандартқа сай келеді – вице-министр

Қазақстанда екі-ақ дәретхана әлемдік стандартқа сай келеді – вице-министр

Қазақстанда екі-ақ дәретхана әлемдік стандартқа сай келеді. Олар Астанадағы Н.Назарбаев әуежайының жаңа терминалы мен елордадағы жаңа теміржол вокзалында орналасқан. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Вице-министрдің айтуынша, Дүниежүзілік туристік кеңес нормасына сай әр 50 шақырым сайын бір дәретханадан болуы тиіс әрі әлемдік стандартқа сай болу үшін әжетхана сапалы болуы керек. Онда міндетті түрде ыстық суы болуы тиіс.

«Біз жаңа заң жобасында жол бойындағы сервиске баса назар аударып отырмыз. Біз қай жолды алсақ та олардың бойында ешқандай сервис жоқ. Жөні түзу дәретхана жоқ. Біз еріктілердің көмегімен елдегі бүкіл әжетхананы тексердік. Қазақстанда халықаралық стандартқа сай екі ақ дәретхана бар. Біреуі – Астанадағы Н.Назарбаев әуежайының жаңадан салынған терминалында, екіншісі – елордада жаңадан салынған теміржол вокзалында орналасқан. Өкінішке орай, елімізде халықаралық нормаға сәйкес басқа бірде-бір әжетхана жоқ», – деді Қожағапанов.

Вице-министрдің мәліметінше, Қазақстанда жол бойындағы сервисті көздейтін KazWay жобасы әлі шикі, оған қазір өзгерістер енгізіліп жатыр.

«Бүгінгі таңда шетелдік туристер жолдан дәретхана таба алмайды. Ал бар әжетханалардың түрі адамды ұялтады. Сол үшін біз жаңа заңда және мемлекеттік бағдарламада жол бойында тұрған мекемелерді мемлекеттік жеңілдіктермен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырамыз. Осы салада енді белсенді жұмыс атқарамыз», – деді Ерлан Қожағапанов.

Атап өтсек, бүгін Әділет министрлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы қаралған болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир