|
12.12.2023 | 15:29
803

Тәуелсіздік күні – ел дербестігін әлемге жария еткен ұлық мереке

Тәуелсіздік күні – ел дербестігін әлемге жария еткен ұлық мереке elements.envato.com

Санаулы күндерден соң ел тарихының елеулі кезеңі – Тәуелсіздік күні. Бұл – ата-бабаның қаны, боздақтардың жанымен келген егемендіктің құжат күйінде күшіне еніп, дербестігін әлемге жария еткен ұлық мерекесі. Биыл «Тәуелсіздік туралы Заңға» 32 жыл толады. Айтулы дата қарсаңында мемлекет пен қоғам қайраткерлері де елге деген жылы лебізін білдіруден кенде қалмады.

– 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Шерхан Мұртаза атамыз «Рухы мен намысы сөнген ел – өлген ел» деген. Сондықтан еш уақытта рухымызды сөндірмейік. Еліміз аман, жұртымыз аман болсын! – деді Қазақстанның еңбек ері Аягүл Миразова.

– Құрметті отандастар! Қаншама жылдар бойы бабаларымыз армандаған, Тәуелсіздікке қол жеткізген бақытты елміз. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Ұзағынан болсын! – деді актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәлиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир