|
16.02.2023 | 16:55
3168

Елімізде пияз жеткілікті – Серік Жұманғарин

Қазір қорда 185 мың тонна тауар бар

Елімізде пияз жеткілікті – Серік Жұманғарин kt.kz

Қазақстанда пияз жеткілікті, даурығудың қажеті жоқ. Осылай деген, сауда министрі Серік Жұманғарин бүгін сенат отырысынан кейін журналистерге азық-түлік құны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шенеуніктің сөзінше, пияздың бағасы 130 теңгеден саудаланып жатыр. Сапасын да өзі ұстап көріп, тексерген. Премьер-министр Әлихан Смайылов инфляцияны төмендетіңдер деп тапсырма беріп жатқанына 2 апта болды.

Сауда министрі Серік Жұманғарин пиязға қатысты бос жарнама жасамасаңыздар деп өтінді. Оның сөзінше, елде аталған көкөніс жеткілікті. Оның үстіне, Серік Жұманғарин Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттады дегенмен келіспейді. Вице-премьер үкімет сол әлеуметтік санатына жататын 19 тауар түрінің бағасы бақылауда екенін айтудан жалықпайды. Қалғандарының құнының өсуін логистикамен, геосаяси жағдаймен байланыстырады. Ал, жақында елде пияз қымбаттап, кейін оны экспорттауға шектеу қойдық деген сауда министрі, аталған көкөністі мөшектеп алудың қажеті жоқ екенін айтады.  

“Бұрынғыдай 1-2 кг алып үйге керек кезінде толтырып, солай істеуге болады ғой. Бірақ оған қазір алыпсатарлар қосылды. Баға қазір 130 тг. Мына өзіміздің Астанамызда”, – деді ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Серік Жұманғарин пияздың сапасын өз қолымен ұстап көріпті. Араларында шіріп, босап кеткендерінің барын мойындайды. Бірақ бұндай жағдай кез келген көкөністе бар ғой деп ақталды министр. Ал, елдегі қымбатшылықты төмендету бойынша өзіміздің жоспарымыз бар деп, тіпті инфляцияны 10 пайызға жеткізбейміз дейді.

“Біздің КСР-да өзіміздің индикативіміз бар. Биыл инфляция деңгейі 9,5 пайыздан аспайды. Соған байланысты біздер статистика бюросымен бірге бағалардың индикаторын жасадық”, – деді ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Қазір қорда 185 мың тонна тауар бар екен. Сондықтан, азық-түлік тапшылығы мен бағаның қымбаттауына еш себеп жоқ деп сендірді Жұманғарин. Сауда министрі тек әлеуметтік тауарлардың бағасын айтып тұр. Өзге заттардың бағасын үкімет бақылай алмайды екен. Оның қажеттілігі де жоқ дейді ведомства басшысы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир