Ақтөбеде әйел алғашқы кездесуден кейін ер адамды пышақтап өлтірген. Сот әйелді 13 жылға жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Татьяна бұрын сотталған. Ол бостандыққа шыққаннан кейін алты ай өткен соң құрбысымен көшеде бір жігітті кездестірген. Жігіт қыздарды үйіне шақырған. Әдемі отырыстың соңы жанжалға ұласып, Татьяна мен үй иесі төбелесіп қалған. Кейін әйел пышақ алып, сол күні танысқан жігітті пышақтап кеткен. Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Сот Татьянаны кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, бұрынғы қылмысы үшін жазаның өтелмеген бөлігін ескере отырып, оны 13 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол өлтірілген ер адамның әпкесіне 8 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Оқи отырыңыз: Бір айда синтетиканы қолдан жасайтын 5 өндіріс әшкереленді