Өскеменде құны 8,5 миллион теңге болатын вейп, темекі мен бір реттік құрылғылар тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржы мониторингі агенттігі жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары кезінде 2 мыңға жуық жабдық табылған. Материалдар қазір сотқа жөнелтілген.
– Құқық бұзылған жағдайда ҚР ӘҚБК-де жауапкершілік көзделген. Санкция акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жаза қолданылады. Материалдар сотқа жіберілді. Темекі өнімдері мен бір реттік электрон темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Таразда тұрғын үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды