Айфонның соңғы үлгідегі өнімдері шыға салысымен, Қазақстанға заңсыз әкелетіндер анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 1 апта бұрын «Дубай-Алматы» рейсін кедендік бақылау кезінде жеке тұлға декларацияланбаған 34 дана телефонды өткізбек болған. Олардың алдын-ала есептелген кедендік құны 25 миллион теңгеден асады. Смартфондар тәркіленді.
– Тәркіленген тауарлар кедендік рәсімдеуден өту және рұқсат құжатын жасату үшін уақытша сақтау қоймасына жіберілді. Ұялы телефондарды декларациялаусыз әкелуге әрекет жасаған азаматқа қатысты 103,5 мың теңге немесе 30 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаева.
Оқи отырыңыз: Алматыда 80 жастағы зейнеткерді алдап кеткен алаяқ ұсталды