Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот әділ шешім шығаратынына күмәнім жоқ. Осылай деген жоғары палата төрағасы алдағы алқабилердың қатысуымен өтетін отырысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, дүйім елді дүрліктірген оқиға қазіргі күні қоғамның үлкен жауапкершілігін тудырған. Құзырлы орган объективті түрде үкім шығарады деп сенімді сөйледі. Өз кезегінде БАҚ өкілдерін аталған жағдайға сабырмен қарауға шақырды.
– Сот та, Жоғарғы Сот басшылығы да қоғамның, халықтың алдындағы жауапкершілігін түсінеді деп ойлаймын. Қазір барлығы да процестің объектив, әділ және заңды өтуіне мүдделі. Әркім өз жауапкершілігін түсінеді. Сондықтан жантүршігерлік оқиға мен қазір жүріп жатқан сот процесі, заңның қабылдануы нәтижесінде жағдай өзгереді деп ойлаймын. Жақсы жаққа өзгереді, – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Оқи отырыңыз: Бишімбаев ақталуы мүмкін бе - мәжілісмен пікір білдірді