|
16.02.2018 | 17:40
2292

Елімізде мұғалімдер жаппай сандық технологияларды үйренуде

Елімізде мұғалімдер жаппай сандық технологияларды үйренуде

Ұстазға да ұстаз керек. Елімізде мұғалімдер жаппай сандық технологияларды үйреніп жатыр. Олар бұл әдісті жаңартылған білім беру жүйесінде қолданбақ. Бүгінде ел аумағында 2 мыңнан астам ұстаз қашықтықтан білім беру форматында оқып, біліктілігін арттырған.

Бұл шағын студияда тәжірибесі мол, білікті ұстаздар өздерінің әріптестеріне осылай сан сала бойынша білім береді. Ал сағаттап оқыған дәріс бірден бейнекамераға жазылып, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының білім беру порталына жүктеледі. Дайын бейнедәрісті еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұғалімдер тыңдап, өз тәжірибесіне жаратады. Ұстаздардың қашықтықтан білімін жетілдіруге арналған тың жоба өте тиімді екен. Бастысы уақыттарын үнемдеп, сабақ оқытудың жаңа бағытын меңгереді. Бүгінде бұл порталдан 2000-ға жуық ұстаз оқып, арнайы сертификат алған.

«Білім беру порталында мұғалімдер үшін барлық материалдар, ресурстар, жаттығулар, соңғы инновациялақ технологиялар, белсенді оқытудың әдістері. Осының барлығы әдістемелік көмек ретінде ұсынылған. Әрбір мұғалім өзінің уақытына қарай қашан осы мағлұматтарлы алып оқи алады, осы мағлұматтар бойынша өзінің біліктілігін арттыра алады, осының барлығы жобада қарастырылған», - деді «Өрлеу» БАҰО-ның Алматы қаласы бойынша филиалының кафедра меңгерушісі Әлия АРЗИЕВА.

Бүгінде елімізде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының 17 филиалы бар. Жыл сайын онда 70 мыңнан астам педагог білімін шыңдайды. Орталықта ұстаздарға бағзыда қалыптасқан дәстүрлі білім беру үрдісінен шығып, тың тәсілдерді меңгеруіне бар жағдай жасалған. Мұнда келген мұғалімдер білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен инновацияларлы үйренеді екен. Ал ұстаздардың өзіне ұстаздық ету үшін, шетелден дәріс алған білікті мамандар жұмыла жұмыс істейді.

«Осы курста оқып жатқаныма 4 күн болды. Көптеген жаңа білімдерді өзімізге қабылдап жатырмыз. Оның ішінде критериалды бағалау. Білім таксономиясы, түрлі стратегия және сыни тұрғыда ойлану туралы стратегиялармен таныстық», - деді  Алматы қаласы №175 гимназияның ұстазы Нұржамал ТЫНЫШБАЕВА.

«Өрлеу» орталығынан ұстаздар әр 5 жыл сайын біліктілігін арттыруы тиіс. Мұнда оқытушыларға сабақ берудің тың тәсілдері өз алдына, оқушылармен қарым-қатынас құрудың да барлық жолы үйретіледі. Мәсәлен, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында дәріс беретіндер қазір  монтессори жүйесін қолданады. Ол - балалардың тұлға болып қалыптасуына септік етеді екен. Ал бастауыш сыныптарға сабақ беретіндер ертегі терапиясы арқылы оқытуды үйренуде. Сондай-ақ жоғарғы сыныптардың ұстаздары білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы курстардан өтуі қажет.

Айдана Мейрамбайқызы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир