|
17.07.2020 | 23:42
6880

Қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жарық пен интернет үшін шығынын жұмыс беруші төлеуі тиіс – Тінікеев

Еңбек кодексіне түзетулер енгізіліп, оның 138-бабының 2-ші тармағында «жұмыс беруші қашықтан еңбек ететін қызметкерлерін қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі керектігі» жазылған

Қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жарық пен интернет үшін шығынын жұмыс беруші төлеуі тиіс – Тінікеев  epravda.com.ua

Қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жарық пен интернет үшін шығынын жұмыс беруші төлеуі тиіс. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, өкінішке қарай, бұл талап сақталмай отыр. Айта кетейік, пандемия басталғанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер электр жарығымен, интернетпен және жұмыс қажеттіліктерімен қамтылуы керектігін мәлім еткен еді.

«Сөзсіз бұл – еңбек құқығының бұзылғанын білдіреді. Өздеріңіз білетіндей, Еңбек кодексіне түзетулер енгізіліп, оның 138-бабының 2-тармағында «жұмыс беруші қашықтан еңбек ететін қызметкерлерін қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі керектігі» жазылған. Егер қызметкер өзінің байланыс құралдарын пайдаланатын болса, онда жұмыс берушілер сол агрегатқа керекті қосымша құрылғылардың бәрін беруі тиіс. Жұмыс беруші интернет үшін де, электр жарығы үшін де төлеуі керек. Бұл мәселенің бәрі тараптардың келісуімен шешіледі», – деді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир