|
19.10.2020 | 15:54
1142

Медициналық маскаға сіңірілген есірткі көмегімен тонау фактісі тіркелген жоқ – ҚР ІІМ

Оны таққан адам есін жоғалтады, ал қаскүнемдер болса, оның үйін тонайды

Медициналық маскаға сіңірілген есірткі көмегімен тонау фактісі тіркелген жоқ – ҚР ІІМ ашық дереккөзден

Медициналық маскаға сіңірілген есірткі көмегімен тонау фактісі тіркелген жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Естеріңізге салайық, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар есікті қағып, өздерін билік өкілдері ретінде таныстырып, тегін маскалар таратып жүрген адамдар туралы ескерту айтылуда. Бұл хабарлама авторларының айтуынша, қорғаныс құралдарына улы химикаттар сіңірілген, оны таққан адам есін жоғалтады, ал қаскүнемдер болса, оның үйін тонайды екен.

«Әлеуметтік желі арқылы әлеуметтік қызметкер атын жамылған қылмыскерлер есірткі заты сіңірілген маска таратып жүр делінген жалған ақпарат таралды. Содан кейін олар еш кедергісіз пәтерді тонап, ұрлық жасайды екен-мыс. Медициналық маска арқылы есірткі затының әсері нәтижесінде тонау фактісінің жоқ екенін ресми мәлімдегім келеді. Бұл – фейк ақпарат. Сонымен қатар, кез келген жағдайда сақ болу, бейтаныс адамдарға өз пәтеріңіздің есігін ашпау, балаларға ықтимал қауіп туралы ескерту маңызды. Егер бейтаныс адамның әрекетінен күдіктенсеңіз, бірден полицияға хабарласыңыз», – деді ҚР ІШКІ Істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Брифинг барысында соңғы 9 жылда Қазақстанда түрмедегілер саны  екі есеге азайғаны белгілі болды. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов айтты. Оның дерегінше, бүгінде еліміздің пенитенциарлық жүйесінде 82 мың мекеме бар. Оларда 30 мыңнан астам сотталушы және тергеу барысында тұтқынға алынған адамдар отырады.

«Қылмыстық саясатты ізгілендірудің арқасында соңғы 9 жылдың ішінде түрме тұрғындарының саны іс жүзінде 2 есеге жуық, 57 мыңнан 30 мыңға дейін төмендеді. «Сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте» Қазақстан 100-орында тұр. Осыдан 18 жыл бұрын еліміздің АҚШ және Ресейден кейін үштікке кірген еді», – деді ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир