Пара бергені үшін күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен аталған елден пара бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Тергеу барысында аталған адам жеке кәсіпкер болып, полиция қызметкеріне қылмыстық жауаптылықтан жалтару және оның массаж салонының одан әрі кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай сыйақы бергені анықталды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2026 жылғы наурызда ол Рустави қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды

Новости партнеров