Әскери тікұшақ: екі адамның мәйіті табылды
Almaty.tv
Марқұмдарың денесі шамамен 14 метр тереңдіктен шығарылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сорбұлақ су қоймасына құлап, жоғалған әскери тікұшақта болған екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, әуе кемесінің кейбір бөлшектері мен марқұмдарың денесі шамамен 14 метр тереңдіктен шығарылған. Бүгінде азаматтардың жеке басы анықталып, туған жеріне жеткізіліп, жер қойнауына тапсырылды.
Еске сала кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалған болатын. EC-145 маркалы әуе көлігі Жамбыл облысындағы Луговой елдімекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланыстан ажыраған. Бортта үш экипаж мүшесі болған.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 47 жастағы ер адамды пышақтап кетті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41