|
09.11.2023 | 15:59
460

Киіктердің мүйізін шетелге сатуды жоспарлап отырмыз – министр

Рұқсат алу 2025 жылға жоспарланған

Киіктердің мүйізін шетелге сатуды жоспарлап отырмыз – министр Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Елімізде киік мүйіздерін сыртқа сату жағы қарастырылып жатыр. Рұқсат алу 2025 жылға жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Киік мүйіздері фармацевтикадағы дәстүрлі компонент әрі Шығыс елдеріндегі, негізінен Қытайда дәрі-дәрмектердің құрамдас бөлігі саналады. Бүгінде киік мүйіздерін экспорттауға мүмкіндігіміз жоқ. «СИТЕС» сирек кездесетін жануарларды қорғау жөніндегі халықаралық ұйымы жекелеген жануарларды қолдануға (оның ішінде киік те бар) тыйым салды», - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ министр бүгінде Женевада киіктердің мүйізін пайдалануға тыйым салуды алып тастау туралы мәселе талқыланып жатқанын айтты.

«Рұқсат алу мерзімі 2025 жылдың басы. Бүгінгі таңда киіктердің санын реттеуден алған барлық мүйіз таңбаланып, «Охотзоопром» мамандандырылған кәсіпорнының арнайы үй-жайларында сақталады. Қазір киіктердің мүйіздерін сатпаймыз, бірақ болашақта киіктердің мүйіздерін сыртқы нарыққа сатуды жоспарлап отырмыз», - дейді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир