|
11.01.2021 | 01:40
1339

Сайлаудағы заңбұзушулықтың нәтижесі белгілі болды

Заңбұзушылықтар болды, бірақ олар соншалықты өрескел емес – сарапшылар

Сайлаудағы заңбұзушулықтың нәтижесі белгілі болды

«ТAZA SAILAU» тәуелсіз байқаушылары қаладағы дауыс беру учаскелеріндегі орын алған олқылықтарының нәтижесін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Сарапшылардың айтуынша, заңбұзушылықтар болды, бірақ олар соншалықты өрескел емес деді. Мәселен, Жезқазғанда бір бюллетень толтыратын кабинкаға 2 адам кіргені анықталса, енді бір өңірде тұрғындардың құжатсыз келуі мен басқа атпен дауыс беруі сынды фактілер тіркелген. 

Еске салайық, саяси доданың әділ өтуін қадағалайтын «Таза сайлау» ұйымы атынан 4 мыңдай байқаушы еліміздегі 10-мыңнан астам учаскенің 3138-інде жұмыс істеді. Нәтижесінде осы сайлау учаскелерінде республика бойынша 100-ден астам заң бұзушылық тіркеліпті. 

«Бір кабинаға екі адамның бірнеше адамның кіріп кеткені туралы әлеуметтік желіде шу болды. Иә, Жезқазған қаласында бір кабинаға екі адамның кіргені белгілі болды. Ол жерде бір адамның қолы сынық болған, сондықтан көмектесуге кірген. Бірақ екеуінде бір бюллетень болған. «Таза сайлау» ұйымы бүкіл Алматыны қамтыдық. Оның үстіне артығымен алдыққой. Біреуі ауырып қалуы мүмкін, басқа жағдай болуы мүмкін деген секілді. 570-ке жуық бақылаушымыз болды», – деді «TAZA SAILAU» азаматтық бақылау ұйымының сарапшысы Ерқанат Көпжасарұлы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир