|
05.10.2022 | 21:42
488

Президент сайлауы – өзгерістер легі – Шыңғыс Нұрланов

Президент сайлауы – өзгерістер легі – Шыңғыс Нұрланов

«Бұны президент сайлауы ретінде ғана емес, соңғы үш жылдағы өзгерістер легі деп білемін». Бұл туралы Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры Шыңғыс Нұрланов мәлімдеді деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Осы жаздағы референдум конституцияға енген өзгерістердің саяси жүйедегі нақты өзгеру қадамдарының бірден бірі көрінісі. Екінші үлкен мәселе, қазіргі геосаяси жағдай. Жалпы геосаяси ахуалды ескере отырып, дәл қазіргі кезеңде сайлау өткізу дұрыс шешім. Халықаралық ахуалдың шиеленісіп тұрғаны баршамызға мәлім. Сондықтан, сырттан болуы ықтимал қатерлерге дайын болу үшін, ішкі саясатымызды түгендеп алу керек деп ойлаймын», – деді еліміздің жоғары білім беру саласының өкілі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир