|
19.03.2023 | 08:51
1454

Әлихан Смайылов сайлауда өз таңдауын жасады

ҚР Премьер-Министрі жаңа үкімет құрылғанға дейін өз міндетін атқара беретінін айтты

Әлихан Смайылов сайлауда өз таңдауын жасады t.me/KZgovernment

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ол Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Аталған сайлау учаскесінде 2744 дауыс беруші тіркелген.


Сонымен қатар, үкімет әзірге жұмысын жалғастыра бермек. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.


«Конституцияға сәйкес, Парламент жаңадан сайланғаннан кейін Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Біз отставкаға кетеміз. Бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетімізді атқара береміз. Жаңа Премьер-Министр кім болатынын Президент пен жаңа Мәжіліс шешеді. Әрине, біз кез келген өзгерістерге және еліміз үшін жұмыс істеуге дайынбыз», – деп жауап берді Әлихан Смайылов сайлауда дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир