|
19.03.2023 | 11:49
1194

Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай сайлауға дауыс берді

Осы сайлаудан үміті зор екенін айтты

Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай сайлауға дауыс берді РСК

Алматының №301 учаскесінде жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біз өмірімізде талай сайлауды өткердік. Осының ішінде халықтың өзі құлшынып ұмтылған, дүрлігіп араласқан сайлауды көрмедік. Өйткені сайлау қоғамның демократиялық айнасын көрсетеді. Сайлау қалай болса – қоғам солай. Қазіргі таңда демократиялық бағытқа қарай бет бұрғандықтан, халықта үлкен үміт пен сенім пайда болды. Яғни, осы кезеңде өзінің Конституциялық құқығын шын мәнінде сезіну байқалады. Ал бұрын Кеңес заманында оны ауызша айтатын. Бірақ оның жалған екені белгілі болып тұратын. Халықты ылғи да жалған ұрандарға сендіріп, дауыс бергізіп қоятын. Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан реформалық өзгерістер халыққа сенім тудыра бастады. Мінекей, бұл сайлаудың ерекшелігі – осы. Сондықтан да сайлауға келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Өзім де таңдауымды жасадым. Үмітіміз зор. Таңдаған кандидаттар Парламент мінберінен біздің сөзімізді айтады деп сенемін. Түйіндеп айтқанда, алға қойған мақсат-мұраттарымыз орындала берсін», – деді жазушы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир