Алматыда қоғамдық көліктердің тарифі қайта қаралады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәселен, жол ақысы зейнеткерлер мен мектеп оқушылары үшін 10 теңгеге, қолма-қол төлейтіндер үшін 50 теңгеге өспек. Ал "Оңай" арқылы бұған дейінгі 80 теңгенің орнына енді 100 теңге төлейсіз.
– 2012 жылы соңғы рет өзгерген. Одан бері жанармай және газ бағасы 3 еседен аса қымбаттады. Құрал-саймандар да қымбаттап кетті. Жүргізушілердің жалақысы да өсіп жатыр. Жалпы, баға қымбаттағандықтан, индексикация қажет болып тұр, – деді Қазақстан автокөлікшілер одағының бас директоры Сәбит Аманбаев.
Автопарк басшылары компанияның күнделікті табысы жанармай шығынын да өтемейтінін айтты. Яғни, жол ақысын төлеуден түсетін табыс кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тұрақты етуге сеп болмақ. Әрі, мұндай өзгеріс есебінен автобустардың жағдайын ретке келтіруге де мүмкіндік туып отыр.
– 600 автобус жаңартылады. Келер жылға да жоспарымыз бар. Газбен қамтылған, экологиялық таза автобустар алынады. Алматы қаласы әкімдігінің талабы – кондиционермен қамту. Жүргізушілердің айлығын коммуналдық парк 30 пайызға көтеру жұмысын жүргізіліп жатыр. Жеке парктерде де осы жұмыс атқарылуда, – деді мобилділік басқармасының бөлім басшысы Азамат Ешанқұл.
Оқи отырыңыз: Алматының автопаркі 100 жаңа автобуспен толықты