Алматыда жол ережесін бұзған азаматқа 500 мың теңгеден артық айыппұл салынды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Ол бір мезетте 29 рет заң бұзған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Алматыда жол ережесін өрескел бұзған 22 жастағы азаматқа 500 мыңнан аса теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әл-Фараби көшесінің бойымен жылдамдықты асырып жүрген ол бір мезетте 29 рет заң бұзған. Алматылық азамат тек жол ережесін бұзып қана қоймай, бұл әрекетін ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан. Жол бойында көліктерді басып озғаны және апаттық жағдайдың болуына себеп болғаны үшін жүргізушіге 534 мың 750 теңге айыппұл салынды.

«Жергілікті полицияның іздестіру бөлімінің қызметкерлері тексеріс жүргізіп, нәтижесінде әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған BMW автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Оған Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқық бұзушылықтың 595-бабы 1-бөлігі және 606-бабы 1-бөлігі бойынша 29 хаттама толтырылды», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Шетелден келетін жүк көліктеріне тәртіп қатаңдатылады

Новости партнеров