|
29.03.2023 | 11:32
2776

Аустралияда құны $160 мың саф алтын табылды

Бағалы тасты 1800 жылдары Аустралияда алтын дүрлікпесі болған Виктория кен орнынан тапқан

Аустралияда құны $160 мың саф алтын табылды Фото: BBC/ DARREN KAMP

Арзан металл іздегіші бар Аустралия азаматы құрамында 240 000 аустралиялық доллар (160 000 АҚШ доллары) тұратын алтын бар, салмағы 4,6 келілік тас тауып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атын атаудан бас тартқан азамат бағалы тасты 1800 жылдары Аустралияда алтын дүрлікпесі болған Виктория кен орнынан тапқан.

Тест: Қазақ тіліндегі диалект сөздерді білесіз бе

Саф алтынның үлгісін бағалап, сатып алған алтын сатушы Даррен Кэмп 43 жылдық мансабында мұндай үлкен алтынды бірінші рет көріп отырғанын айтты.

«Мен абдырап қалдым... Мұндай табыс өмірде бір-ақ рет болады», – деді ол BBC News-ке.

4,6 келілік тас құрамында жалпы 83 унция немесе 2,6 келі алтын бар.

Кэпмтің сөзінше, алтынды тапқан азамат ақшаны отбасына жұмсауды жоспарлап отыр.

Аустралияда әлемдегі алтын қоры ең көп елдердің бірі және әлемдегі ірі саф алтындардың көбі дәл осы елден табылған.

Оқи отырыңыз: Испанияда орман өртінен 1500 адам эвакуацияланды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир