|
11.01.2022 | 14:59
5719

Жансейіт Түймебаевтың ұлы бүлікшілер қолынан көз жұмды

Қазіргі сәтте құзырлы органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

Жансейіт Түймебаевтың ұлы бүлікшілер қолынан көз жұмды inform.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпартқа сілтеме жасап.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж. Түймебаевтың ұлының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты жалған ақпарат тарамас үшін оқу орының баспасөз қызметі ресми ақпарат берді.

«6 қаңтар күні кешкі сағат 18.35 минут шамасында Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын, Елнар Н. Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан. Қ.Сәтпаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды», – делінген хабарламада.

Қазіргі сәтте құзырлы органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир