|
11.10.2021 | 16:52
3366

СҚО-да әйелін өлтіріп, туыстарын жаралаған тұрғынға сот үкімі шықты

Сотталушы қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі түрмеде жазасын өтейтін болды

СҚО-да әйелін өлтіріп, туыстарын жаралаған тұрғынға сот үкімі шықты Almaty.tv

Солтүстік Қазақстан облысында әйелін атып өлтіріп, туыстарын ауыр жаралаған тұрғынның ісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сот отырысында прокурор қылмыскерді 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап, жәбірленушілер оны бір ауыздан қолдаған болатын. Келтірілген мүліктік және моральдық зиянды ерікті түрде өтеуге келіскені үшін сотталушының жазасы жеңілдетілді.

Дегенмен оның қылмыс кезінде заңсыз сақталған қару қолданғаны, кәмелеттік жасқа толмаған қызды өлтірмек болғаны ескеріліп, сотталушы қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі түрмеде жазасын өтейтін болды.

Сот үкімі бойынша 58 жастағы тұрғын 23 жылға бас бостандығынан айырылды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабы 4-бөлігі бойынша Глушков Юрий Александровичті 23 жыл бас бостандығынан айыру шешімі қабылданды. 10 жыл педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу бойынша қызмет атқару құқығынан айрылады», – деді судья Сергей Викторенко.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир