|
04.10.2022 | 18:31
5014

Дархан Қыдырәлі: Ақпараттық соғыс кезінде әрбір азаматқа үлкен жауапкершілік жүктеледі

Елімізде виртуалды соққылардың ең көп жиілігі 28 қыркүйекте тіркеліпті

Дархан Қыдырәлі: Ақпараттық соғыс кезінде әрбір азаматқа үлкен жауапкершілік жүктеледі exk.kz

Кибершабуылдарды арнайы күштер жасап жатыр. Мемлекеттік арналардың біріне берген сұхбатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қазақстанды біреулер тұрақсыздық аралына айналдырғысы келетінін айтты. Сондықтан ведомство басшысы әлемде гибридтік соғыс өршіп тұрған тұста тұтынушыларға да үлкен жауапкершілік жүктелетінін айтып, тарататын ақпаратқа сақ болған жөн деді. Бүгінде кибершабуылдар саябырсыған. Алайда оның қайталануы бек мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осыдан он шақты күн бұрын еліміздің ғаламтор кеңістігінде ақаулар пайда болып, белсенді шабуылдар жасалғаны мәлім болды. Тіпті мұны Абай облысына сапары кезінде Президент те атап өтті. Мемлекеттік техникалық қызметтің ақпарынша, сырттан жасалатын кибершабуылдар желінің жылдамдығы мен сапасына кері әсер етеді. Елімізде виртуалды соққылардың ең көп жиілігі 28 қыркүйекте тіркеліпті.


«Ғаламтордың әр өңірде жұмыс істемей қалғанын қазақстандықтардың бәрі сезінді. Бұл шабуылды ботнет деп қарауға болады. Яғни компьютерлерге вирус жұғады. Мұндай соққылар интернет-ресурстардың жұмысын тұрақсыз ету үшін қолданылады», деді «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Әсел Әбіқаева.



Киберқауіпсіздік саласының сарапшысы Евгений Питолин шабуылдар ғаламторды әлсіретіп қана қоймай, жеке деректерге де нұқсан келтіреді дейді. Ал бұл әрекеттердің қайдан келіп жатқанын техникалық анықтау мүмкін емес екен.


«Бұл біздің қаржылық деректерімізге, шоттарымыз бен ақшамызға келетін қауіп. Электронды поштадағы, мемлекеттік сервистерге тіркелген кез-келген жеке ақпарат шығып кетуі мүмкін деген сөз. Сәйкесінше жеке деректерге қол жеткізгендер онымен пайда тауып, бопсалауы да мүмкін», – деді  киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Евгений Питолин.



Сондықтан да сарапшы ел азаматтарына ғаламторда өте қырағылық танытуға кеңес береді. Интернеттегі түрлі ұсыныс пен акцияларға, сыйлықтарға сақ болған абзал. Құпиясөзді ара-тұра өзгертіп отырған дұрыс дейді.


Назкен Еркін, Даля Насипова, Данияр Омар «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир